Алматы облысында барымташылар ұсталды

18:37, 19 қыркүйек 2024

© Сурет: pixabay

Арнайы ұйымдастырылған іс-шара барысында Алматы облысының полицейлері барымташыларды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Криминалдық полиция қызметкерлері Жамбыл ауданының аумағында екі күдіктіні ұстау бойынша жұмыстар жүргізді. Қазір олардың үш мал ұрлығына қатысы анықталды", – деп хабарлады облыстық криминалдық полиция басқармасы.

Барымташылар ұрлық кезінде бір схема бойынша әрекет жасаған:

  • қараусыз мал жайылатын жерлерді таңдайды;
  • малды сол жерде сойып, етін көліктің жүксалғышына тиеп алады.


"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", делінген полиция хабарламасында.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!