Алматыда қыркүйек айының соңына дейін Журавлев көшесінің бойымен қозғалыс шектеледі
© Фото: Zakon.kz
Алматыда 1980 жылдан бері пайдаланып келе жатқан құбыржолды ауыстыру үшін Журавлев көшесінің бойымен қозғалыс шектеледі
20 қыркүйек күні сағат 06:00 бастап 30 қыркүйектің сағат 06:00 дейін Алматы қаласының Бостандық ауданында автокөліктердің қозғалысы Журавлев көшесінің бойымен Серкебаев даңғылынан бастап Сеченов көшесіне дейін шектеледі. Қозғалыс екі жаққа қарай жабылады.
Уақытша шектеулер жүргін бөліктің астымен өткен, 1980 жылдан бері пайдалануға енгізілген, жалпы ұзақтығы 673 метрді құрайтын құбыржолды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі.
Жаңғыртуды жүргізу кезеңінің ішінде аталған тұтынушыларға ыстық су жеткізу сақталады. "Алматы жылу жүйесі" ЖШС
Еске саламыз, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" және "Яндекс карталар" сервистерінде орналастырылған.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және оларға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





