FlyArystan-ның бұрынғы үш қызметкері 1 млрд теңгеден астам қаржы жымқырғаны үшін сотталды
© Фото: zakon.kz
Алматының Алмалы аудандық соты FlyArystan әуекомпаниясының үш бұрынғы қызметкеріне үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Абулханов, Исанов және Еркенұлына сеніп тапсырылған ақшалай қаражатты иемдену және жымқыру, сондай-ақ оларды заңдастыру айыптары тағылған.
"Сотталушылар Е. мен И. менеджер қызметін атқарып, ал А. департамент директоры бола отырып, 2019-2024 жылдар аралығында ақшалай қаражатты иемденгені анықталды. Жымқырылған қаражатқа жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алынған", - делінген сот хабарламасында.
Сотталушылар кінәсін мойындамады.
Сот үкімімен Исанов пен Абулханов кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілей отырып, 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Ал Еркенұлы кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілей отырып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жәбірленуші тараптың азаматтық талабы қанағаттандырылып, келтірілген шығын сотталушылардан ортақ тәртіппен өндірілетін болды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, 2024 жылдың желтоқсан айында Air Astana әуекомпаниясы FlyArystan басшылығы ақшалай қаражатты жымқыру деректерін анықтап, тәуелсіз тексеру жүргізу үшін аудиторлық компанияға жүгінгенін хабарлаған еді. Тергеу нәтижесінде жымқыру фактілері расталып, әуекомпания құқық қорғау органдарына жүгінді.
Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, аудиторлар біреулердің әуе билеттерін брондау ақпараттық жүйесіне өзгерістер енгізгенін анықтаған. Соның салдарынан сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу фактісі орын алған. Келтірілген залал көлемі 1 млрд 54 млн теңге деп көрсетілген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:37, 15 қаңтар 2026
Алматыда бір жылдан бері жасырынып жүрген күдікті ұсталды
-
18:37, 15 қаңтар 2026
Алматыда іздеуде жүрген күдікті ұсталды
-
18:31, 15 қаңтар 2026
Қостанайда аула ішінде әйелді қағып өлтірген қоқыс таситын көлік жүргізушісіне үкім шықты
-
18:24, 15 қаңтар 2026
Қазақстан биатлоннан Әлем кубогы кезеңінде ерлер эстафетасында бақ сынайды
-
18:08, 15 қаңтар 2026
Ақтауда әскери қызметші қаза тапты





