Ер адам бөтен баланы ұрлап, анасын өлтіремін деп қорқытқан

09:54, 25 қыркүйек 2026
MKZ: 1568808

© Сурет: pexels

АҚШ-тың Нью-Хейвен қаласында ер адам бес жасар баланы ұрлап әкетіп, оның анасына қоқан-лоқы жасағаны үшін айыпталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

NBC Connecticut басылымына, құқық қорғау органдары 14 қыркүйекте Кристофер Родригес баланы автобус аялдамасынан алып кеткендігін хабарлаған. Алайда ол баланың әкесі емес. Анасы ұлын қайтаруды талап еткен кезде, ер адам полицияға хабарласса, өзін және баласын өлтіретінін айтып қорқытқан.

Осылайша қалада AMBER Alert жарияланды. Бұл – бала ұрланған жағдайда халыққа шұғыл хабар беруге арналған жүйе. Ол ескертулерді ұялы телефондарға жаппай жібереді, сондай-ақ ақпарат радио, теледидар және жол бойындағы электронды тақталар арқылы таратылады.

Келіссөздер барысында Родригес көлікті әдейі соғатынын айтып қорқытқан. Ақырында полиция қызметкерлері оны баланы босатуға көндірді. Ер адам баланы Бриджпорт қаласында эвакуатор жүргізушісіне тапсырған. Жүргізуші баланы Нью-Хейвенге жеткізді.

Ал 17 қыркүйекте Родригес Бранфорд қаласындағы қонақүйде ұсталды.

Ер адамға бірінші дәрежелі адам ұрлау, кәмелетке толмаған балаға қауіп төндіру және басқа да құқық бұзушылықтар бойынша айып тағылды. Сонымен қатар полиция оның үстінен бірнеше қамауға алу ордері болғанын хабарлады. Олардың арасында Нью-Йорк штатында шартты түрде мерзімінен бұрын босату талаптарын бұзуға қатысты ордер де бар.

Кепіл мөлшері 300 мың доллар болып белгіленді.

Бұған дейін 15 жастағы мектеп оқушысы өзін ұрлап әкеткен адамның көлігінен жүріп келе жатқанда секіріп шығып, аман қалғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!