Әділбек Мусин Париждегі Олимпиада ойындарына жолдама алды

12:43, 3 шілде 2024

© Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Астаналық спортшы Әділбек Мусин 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің ақпаратынша, спортшы Парижде ел намысын 100 метрлік фристайлмен және баттерфляймен қорғайтын болады.

Айта кету керек, бұл Әділбек Мусиннің алғашқы олимпиадасы.

Ал, қазақстандық ауыр атлеттер алғаш рет Олимпиада ойындарына қатыспайды.

2024 жылғы Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Оның ашылуына 27 күн қалды. Бүгінгі таңда қазақстандық спортшылар 83 лицензия жеңіп алды. Алайда олардың арасында ауыр атлеттер жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!