Тимофей Скатов Франциядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды

21:55, 5 шілде 2024

© Фото: zakon.kz

Қазақстандық, әлемнің 230-ракеткасы Тимофей Скатов Труа (Франция) челленджер турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 352-орында тұрған чехиялық Йогас Форейтектің мысын басты.

Екі сетте 6:3 есебі тіркелді.

Бір сағат 40 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 1 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Форейтек 2 эйспен көзге түсті.

Тимофей Скатов финалға шығу үшін әлемнің 343-ракеткасы, италиялық Лоренцо Джустиномен таласады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!