Айкөркем ісі: сарбаз тағы да сотталды

20:49, 5 шілде 2024

© Сурет: Zakon.kz

5 шілдеде Қазақстан Республикасы Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 4 жасар Айкөркемнің өліміне кінәлі деп танылған әскери қызметшіге қатысты үкімді қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қару қолдану арқылы билікті асыра пайдалану бойынша (ҚК 451-бабы 2-бөлігінің 1 - тармағымен) айыпталған әскери қызметші Ж.-ға қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қайта қарады.

Бұған дейін кассациялық сот алқасы жәбірленуші тараптың шағымдары мен прокурордың наразылығы негізінде апелляциялық сот алқасы үкімінің күшін жойып, екінші сатылы сотқа қайта қарау үшін жолдаған.Қылмыстық іс жабық сот отырысында "құпия" белгісімен қаралған.

"2022 жылғы 7 қаңтарда сағат 19.30 шамасында, сотталушы Ж., блок бекетінде бола тұра, оның қарамағындағы әскери қызметшілерге блок бекетіне жақындап келе жатқан автокөлікке оқ ату туралы заңсыз бұйрық берген. Салдарынан алған оқ жарақаты салдарынан жас бала (2017 ж.) қайтыс болып, ал кәмелетке толмағанға (2006 ж.) 5 оқ жарақатынан денсаулығына ауыр зиян келтірілген. Сотталушының кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, яғни жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындылары және заттай дәлелдемелерімен дәлелденді. ҚР Әскери сотының сот алқасы ақтау үкімінің күшін жойып, жаңа айыптау үкімін шығарды, оған сәйкес ҚК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша Ж. кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылып, 7 жылға сотталды", - делінген сот таратқан хабарламада.

Апелляциялық үкім заңды күшіне енді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!