Қазақстандық балуан 3 жылға спорттан шеттетілді

21:50, 5 шілде 2024

© Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті

Еркін күрестен Азия чемпионы, Азия біріншілігінің қола жүлдегері, Қазақстан чемпионатының екі дүркін жеңімпазы Талғат Сырбаз допинг қолданғаны үшін 3 жылға жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды Zakon.kz kaz.inform.kz-ге сілтеме жасап.

Допингке қарсы ұлттық орталықтың ресми сайты мәлім еткендей, Талғат Сырбаздың сынамасынан спортшыларға қолдануға тыйым салынған дростанолон препараты табылған.

Енді ол 2024 жылдың 30 сәуірінен 2027 жылдың 30 сәуіріне дейін жарыстарға қатыса алмайды.

Еске салайық, Талғат Сырбаз республикалық күрес түрлері федерациясының шешімімен 9-12 мамыр аралығында Түркия елінде өткен әлемдік Олимпиадаға іріктеу жарысына қатысуға мүмкіндік алған еді.

Алайда денсаулығына байланысты жарысқа қатыса алмады.

Ол осыған дейін халықаралық жарыстарда ел намысын 74 келі салмақта қорған келген еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!