Тимофей Скатов Франциядағы турнирдің жартылай финалына шықты

21:55, 5 шілде 2024

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Труадағы (Франция) Челленджер турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 352-орында тұрған чехиялық Йогас Форейтекті жеңді.

Қазақстанық спортшы қарсыласын 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

1 сағат 40 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 1 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Тимофей Скатов финалға шығу үшін әлемнің 343-ракеткасы, италиялық Лоренцо Джустиномен таласады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!