Маңғыстау облысында есірткі затын заңсыз алып өтпек болған қылмыстың жолы кесілді

09:16, 5 шілде 2024

© Сурет: ҚР ІІМ

4 шілде күні Маңғыстау облысындағы «Тәжен» кеден бекетінде есірткі затын заңсыз алып өтпек болған әрекеттің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, кедендік тексеру кезінде кеден қызметкері "ДТСГ" шекара нарядымен бірлесіп Өзбекстан азаматының шалбарының сол қалтасының әмиянынан белгісіз пакетті тапқан.

Ер адам Мәскеуден Өзбекстан Республикасында орналасқан Динау қаласына бара жатқан.


"Процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне арналған есірткіге қарсы айлыққа 500-ге жуық ерікті қатысты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!