Әдепсіз әрекет жауапсыз қалмады: Ақтөбе облысында ер адам 5 тәулікке қамалды
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ақтөбе облысында қоғамдық орында әдепсіздік танытқан ер адам 5 тәулікке қамалды. Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбалар кейде қоғам талқысына түсіп қана қоймай, құқық бұзушылықтарды анықтауға да негіз болады.
Полиция қызметкерлері интернет кеңістігіне мониторинг жүргізіп, қоғамдық тәртіптің бұзылуына қатысты жарияланымдарға назар аударады. Осындай жарияланымдардың бірі Хромтау қаласындағы дәмханалардың бірінде болған оқиғаға қатысты.
Бейнежазбада ер адамның айналасындағыларға әдепсіз ишара көрсетіп, өзгелерге құрметсіздік танытқаны байқалады. Аталған жағдай әлеуметтік желі қолданушылары арасында да талқыланды. Бейнежазбаны зерделеу нәтижесінде полиция қызметкерлері азаматтың жеке басын анықтады. Оның әрекеті ұсақ бұзақылық ретінде сараланды.
Іс материалдары сотқа жолданып, сот шешімімен құқық бұзушыға 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Бұл жағдай қоғамдық орындарда тәртіп сақтап, айналадағы адамдарға құрметпен қараудың маңызын тағы бір мәрте көрсетеді.
Полиция азаматтардың өтініштерімен қатар, әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға да назар аударады. Қоғамдық тәртіпті бұзудың ешбір дерегі назардан тыс қалмайды және әрбір құқық бұзушылыққа заң аясында тиісті баға беріледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:28, 16 қараша 2026
Алматыда ҚазҰУ студентінің өліміне байланысты күдікті ұсталды
-
14:15, 16 қараша 2026
Қыс келуге асығар емес: Алматыда күн суытқаннан кейін ауа температурасы +13°С-қа дейін көтеріледі
-
14:08, 16 қараша 2026
Таиландта ашуға булыққан піл екі адамды таптап өлтірді
-
13:57, 16 қараша 2026
Ақтауда шұғыл шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
-
13:44, 16 қараша 2026
Жастар АИТВ жұқтыру қаупін елемей жүр: дәрігерлер алаңдаушылық білдірді





