Доллар бағамы 8 маусымдағы сауда қорытындысы бойынша төмендеді

15:55, 8 маусым 2026

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Қазақстан қор биржасы алаңында 2026 жылғы 8 маусым күні сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

 

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 484,78 теңгені құрап, 2,46 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 6,63 теңгеге дейін өсті.

Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 71,40 теңгені құрап, 0,48 теңгеге арзандады.

Айырбастау пункттерінде доллар 485,3–487,4 теңге аралығында саудалануда, еуро – 559–564,1 теңге, рубль – 6,40–6,52 теңге аралығына саудаға түсуде.

8 маусымдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы күрт өсті.

Атап айтқанда, Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері ICE Futures электронды саудасында 4,61%-ға қымбаттап, барреліне 97,38 долларға жетті.

Ал NYMEX электронды сауда алаңында WTI мұнайының шілде айындағы фьючерстері 4,55%-ға өсіп, барреліне 94,66 доллар болды.

Таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллар бағамын 487,44 теңге, еуроны 567,38 теңге, ал рубльді 6,62 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

 

 

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!