Қазақстанда бірден бірнеше қауіпті құбылыс күтіледі
© Сурет: ЖИ көмегімен жасалған
Синоптиктер алдағы үш күнге - 9, 10, 11 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК дерегіне сүйенсек, баяу жылжитын батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне ықпалын сақтайды.
"Осыған байланысты ауа райының құбылмалы сипаты сақталады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді және дауылды жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін".
Нөсер жауын күтіледі:
- 9-11 маусым күндері республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде;
- 11 маусымда оңтүстік-шығысында күтіледі.
"Кезеңнің басында шығыс өңірлерде, ал кезеңнің ортасынан бастап оңтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы басым болады". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Күндізгі ауа температурасы:
- еліміздің батысында +27...+35°С дейін жоғарылайды;
- солтүстігінде +17...+28°С дейін төмендейді;
Аптап ыстық басылады:
- солтүстік-шығысында және орталығында +25...+33°С болады;
- оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +27...+35°С шамасында сақталады;
"Еліміздің шығысында +32...+39°С дейін жететін ыстық ауа райы сақталады"."Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Бұған дейін дүйсенбіде еліміздің төрт өңірінде аптап ыстық болатыны болжанғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:14, 8 маусым 2026
Астанада жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерді жаппай тексеру басталды
-
16:56, 8 маусым 2026
Әл-Фарабидегі жол апаты: Полицейлер Zeekr жүргізушісін қалай құтқарғандарын айтып берді
-
16:42, 8 маусым 2026
Оңтүстік Қазақстанда мас жүргізуші жол апатына себеп болды: екі бала мен жүкті әйел қаза тапты
-
16:24, 8 маусым 2026
Қазақстанда қызметкерлерді сақтандыру жүйесі қайта қаралуы мүмкін
-
16:08, 8 маусым 2026
«Бірнеше адам бойжеткенді күштеп ұстап тұрған»: Астана полициясы оқиғаға қатысты мән-жайды айтты





