Алматыда түнгі клубта өнер көрсеткен рэп орындаушы полиция бөлімінен бір-ақ шықты
© Сурет: pixabay
Қазақстандық рэп орындаушы Nurik Smit-тің Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде көрсеткен өнері видеоға түсіп қалған. Оның ақыры сот талқысы және ірі ақшалай айыппұлмен тынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылдың 7 маусымында қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Концерт кезіндегі музыканттың ерсі қылығы интернеттегі контенттерге мониторинг жүргізу кезінде тәртіп сақшыларының назарына іліккен. Әлеуметтік желіде тараған видеода сахна әртісі көрермендердің барына қарамастан сахна әдебі ережелерін мүлдем елемей, қазақша балағат сөздер қолданады.
"Мұндай әрекеттер ұсақ бұзақылықтың көрінісі болып табылады және қоғамдық тәртіпті бұзуға жатады. Сот шешімімен ер адамға 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", - деді полициядан.
Бұған дейін Алматыда күмәнді тіл үйрету курсын жарнамалаған әншілердің басы дауға іліккенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:39, 7 маусым 2026
Дүйсенбіде еліміздің төрт өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады
-
16:57, 7 маусым 2026
Анна Данилина тағы да «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы атағынан қағылды
-
16:49, 7 маусым 2026
Алматыда жылтырға оралған ер адамның денесі табылды
-
16:49, 7 маусым 2026
Алматыда тамаққа арналған жылтырға оралған ер адамның денесі табылды
-
15:37, 7 маусым 2026
Павлодар облысында заңды білмейтін ауыл әкімі жауапкершілікке тартылды





