Тоқаев Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

10:01, 8 маусым 2026

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы бүгін, 2026 жылғы 8 маусымда Армения премьер-министрі Никол Пашинянды "Азаматтық келісім" партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.

Көптеген халықаралық байқаушының алдын ала мәліметінше, сайлау елдің қолданыстағы сайлау туралы заңнамасына сай, ашық әрі азаматтардың еркін білдіруіне тиісті жағдай жасала отырып өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның Армения елінің ұзақмерзімді ұлттық мүддесі жолындағы қызметте табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.

Президент Қазақстан достас Армениямен барлық салада өзара мүддеге сай белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев армян халқына мемлекеттілікті дамытуда сәттілік, бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!