Емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алу: қазақстандықтарға ескерту жасалды
© Фото: Zakon.kz
Ұлытау облысының тұрғыны азаматтарға жүргізуші куәлігін алуға көмектесетінін айтып, 20-ға жуық адамды сан соқтырып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Интернет арқылы кеңінен таралған алаяқтық схемасы туралы өңірдегі ПД баспасөз қызметі айтып берді.
"Ұлытау облысы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен алаяқтық жасады деген күдікпен Сәтбаев қаласының тұрғынын ұстады. Тергеу мәліметінше, ол интернет пен әлеуметтік желілер арқылы азаматтарға жүргізуші куәлігін алуға көмектесетінін ұсынып, ақша қаражатын алғаннан кейін жәбірленушілермен байланысын үзген. Қазіргі уақытта 20-ға жуық жәбірленуші анықталды. Аталған факі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде",- делінген ақпаратта.
Полиция департаменті жүргізуші куәлігін тек заңда белгіленген тәртіппен – оқудан өтіп, емтихандарды сәтті тапсырғаннан кейін және құжаттарды ХҚКО арқылы рәсімдеу жолымен ғана алуға болатындығын ескертеді.
"Оқусыз және емтихансыз жүргізуші куәлігін рәсімдеуді ұсынатын кез келген ұсыныстар заңсыз болып табылады және алаяқтықпен байланысты болуы мүмкін. Полиция азаматтарды қырағы болуға және осындай фактілерге тап болған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласуға шақырады".Ұлытау облысы ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін Алматыдағы беделді аудандардың бірінде "танымал қызмет" түрінің жұмысы тоқтатылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:42, 27 шілде 2026
Криптовалютамен заңсыз айналысқан қазақстандықтың 1,9 млрд теңгесі тәркіленді
-
13:34, 27 шілде 2026
Сирек кездесетін аурулары бар науқастарға медициналық көмектің жаңа стандарты қабылданды
-
13:25, 27 шілде 2026
Қазақстандық әйел Ыстықкөл жағажайында жасөспірімге шабуыл жасады деп айыпталды
-
13:13, 27 шілде 2026
ДСМ Қазақстан бойынша ауқымды тексеру жүргізетінін хабарлады: оған кімдер ілігеді
-
13:04, 27 шілде 2026
27 шілдеде Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы





