Бірінші сынып оқушылары қазақ тілін үйренуге арналған бейімдеу бағдарламасы бойынша білім ала алады
© Сурет: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы бұйрығымен қосымша тілдік қолдауды қажет ететін қазақ тілінде оқытатын бірінші сынып оқушылары үшін бейімдеу бағдарламасын енгізу қағидалары мен шарттары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейімдеу бағдарламасы сыныптан тыс сабақтар немесе сынып сағаттары арқылы қарым-қатынас жасаудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған нақты өмірлік коммуникативтік жағдаяттарды (орта білім беру ұйымында, отбасында және қоғамдық орындарда) пайдалана отырып іске асырылады.
Білім беру ұйымы білім алушылардың ата-аналарын немесе өзге де заңды өкілдерін:
- Бейімдеу бағдарламасының мақсаттары, міндеттері және мазмұны;
- Бейімдеу бағдарламасын іске асыру тәртібі мен шарттары;
- білім алушылардың Бейімдеу бағдарламасын меңгеру нәтижелері туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
Білім алушылардың ата-аналарын немесе өзге де заңды өкілдерін хабардар ету ата-аналар жиналыстары, консультациялар, сондай-ақ ҚР заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өзара іс-қимыл нысандары арқылы жүзеге асырылады.
Бейімдеу бағдарламасы:
- білім алушының ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;
- ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің жазбаша келісімі болған жағдайда, педагогтің ұсынымы негізінде енгізіледі.
Білім алушының ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері орта білім беру ұйымы басшысының атына жазбаша өтініш береді.
Орта білім беру ұйымының басшысы білім алушының ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтінішін қарайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы білім алушының ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне хабарлайды.
Педагог бірінші сынып білім алушыларының білім беру процесіне бейімделуін қарапайым коммуникативтік тапсырмаларды пайдалана отырып, ауызша және жазбаша сөйлеуді түсінуі мен дағдыларын (бастапқы, базалық, орта) бағалау арқылы бақылауды жүзеге асырады.
Қосымша тілдік қолдауды қажет ететін білім алушы анықталған жағдайда педагог:
- білім алушыны Бейімдеу бағдарламасына қабылдау мүмкіндігі туралы жазбаша ұсыным ресімдейді;
- аталған ұсынымды білім алушының ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне жеткізеді.
Білім алушылардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініштерін, сондай-ақ педагогтердің ұсынымдарын (білім алушылардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің жазбаша келісімі болған жағдайда) қарау нәтижелері бойынша Бейімдеу бағдарламасына қабылдауға жататын білім алушылардың тізімі құрылады және орта білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Бейімдеу бағдарламасы тиісті оқу жылы ішінде орта білім беру ұйымы басшысы бекіткен жоспар мен кестеге сәйкес іске асырылады.
Білім беру ұйымы білім алушының ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші негізінде білім алушының Бейімдеу бағдарламасына қатысуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы бұйрық шығарады.
Бейімдеу бағдарламасы мынадай шарттар орындалған кезде жүзеге асырылады:
- Бейімдеу бағдарламасына қабылданған білім алушылардың бекітілген тізімінің болуы;
- Бейімдеу бағдарламасын іске асыру жоспары мен кестесінің орта білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілуі;
- білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал ететін қолайлы білім беру ортасының құрылуы;
- Бейімдеу бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін оқу-әдістемелік материалдардың пайдаланылуы;
- Бейімдеу бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша педагогтердің білім алушылардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауы.
Бұйрық 2026 жылғы 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:50, 8 маусым 2026
Қазақстанда жаңа сақтандыру төлемдері енгізілгеннен кейін компаниялардың шығындары артуы мүмкін
-
12:36, 8 маусым 2026
Түркістан облысына жаңа прокурор тағайындалды
-
12:20, 8 маусым 2026
Қазақстан бойынша «CVK» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды: миллиондаған қаржыға тыйым салынды
-
12:04, 8 маусым 2026
Рақымшылыққа ілігіп, қайта қылмыс жасаған: Бастапқы сот шешімі қайтарылды
-
11:38, 8 маусым 2026
Емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алу: қазақстандықтарға ескерту жасалды





