Қазақстанда қызметкерлерді сақтандыру жүйесі қайта қаралуы мүмкін

16:24, 8 маусым 2026

© Фото: rawpixel

Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында кәсіпорындардағы қызметкерлерді сақтандыру тетігі қайта қаралуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түзетулер қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ЖОМС) жүйесіне қатысты енгізілуі мүмкін.

"Қазіргі уақытта Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында мүдделі тараптар мен тәуелсіз шетелдік актуарийлердің қатысуымен жобалық кеңсе жұмыс істеп жатыр. Оның аясында ЖОМС бойынша тариф қалыптастырудың негізделген тәсілдері әзірленуде. Сонымен қатар сақтандыру сыйақысының ең төменгі мөлшерін қайта қарау және шағын бизнес субъектілеріне түсетін қаржылық жүктемені азайту бойынша ұсыныстар дайындалып жатыр", – делінген жауапта.

Премьер-министрдің айтуынша, 2030 жылға дейінгі сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасы мен жаңа сақтандыру туралы заң жобасын әзірлеу аясында міндетті сақтандыру түрлері бойынша тариф белгілеуге тәуекелге негізделген тәсілді кезең-кезеңімен енгізу мәселесі де қарастырылып жатыр.

Атап айтқанда, сақтандыру сыйақысының бекітілген ең төменгі шегінен бас тартып, кәсіби тәуекел деңгейін, салалық ерекшеліктерді және шығындылық статистикасын ескеретін икемдірек тарифтік модельге көшу мүмкіндігі пысықталуда.

Бұған дейін Қазақстанда жаңа сақтандыру төлемдері енгізілгеннен кейін компаниялардың шығындары артуы мүмкін екенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!