Су 8 сағатқа өшіріледі: Алматылықтарға маңызды ескерту жасалды
© Фото: pexels
"Алматы Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (МКК) әкімшілігі қала тұрғындарына әлеуметтік желілер арқылы суық сумен жабдықтау желілері мен нысандарында жоспарлы жұмыстар жайлы маңызды ақпаратпен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, 2026 жылғы 9 маусым күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Наурызбай ауданындағы Шұғыла шағынауданында суық су беру уақытша шектеледі.
- Абай даңғылы – Алатау даңғылы – Сабденов көшесі – Құрылысшы көшесі;
- Сабденов көшесі – Алатау даңғылы – жобаланатын Ұлықбек көшесі – Нұрлы таң көшесі;
- "Шұғыла", "Шұғыла Сити", "Alem City", "Ulytau", "Sensata City" тұрғын үй кешендері және "Достық" коттедж қалашығы;
- Наурызбай ауданы әкімдігінің әкімшілік ғимараттар кешені.
Мамандар жоспарлы-профилактикалық жұмыстар аталған аумақтарды тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұралды. Қосымша ақпаратты 274-66-66 телефоны арқылы алуға болады.
Бұған дейін Астанадағы Тілендиев даңғылы бір айға жабылатындығын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:52, 28 шілде 2026
Оралда садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды
-
19:38, 28 шілде 2026
29 шілдеде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:26, 28 шілде 2026
Алматының бір ауданында жыл басынан бері 1 500-ге жуық заңсыз маңдайша алынып тасталды
-
19:10, 28 шілде 2026
ШҚО-да махаббаттан басталған оқиға сотпен аяқталды
-
19:04, 28 шілде 2026
Қазақстандық шпагашылар Гонконгтағы әлем чемпионатының 1/8 финалында сынға түсті





