Қазақстандықтарды Украинадағы call-орталықтар арқылы есірткі бизнесіне тартқан
© Фото: freepik
ҚР Ішкі істер министрлігі Украина Ұлттық полициясымен және екі елдің бас прокуратураларымен бірлесіп, халықаралық қылмыстық топтардың call-орталықтарын жою бойынша арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ІІМ мәліметіне сүйенсек, 28 мамырда Киев қаласында Еуропа мен ТМД елдерінде синтетикалық есірткі өндіру және таратумен айналысқан қылмыстық ұйымға тиесілі call-орталықтардың қызметі тоқтатылды.
Тергеу барысында бұл орталықтардың адамдарды есірткі бизнесіне тарту үшін пайдаланылғаны анықталды. Операторлар мен менеджерлер Қазақстан аумағында есірткі жасырушы және есірткі ораушы рөліне адамдарды іздеп, оларды заңсыз жұмысқа қабылдаған.
"Арнайы операция нәтижесінде 11 адам ұсталды. Олардың арасында ұйымдастырушылар, операторлар және адамдарды заңсыз жұмысқа тартумен айналысқан қызметкерлер бар. Тоғыз мекенжайда тінту жүргізіліп, шамамен 40 мың АҚШ доллары, 10 мың еуро, Range Rover автокөлігі, 18 ұялы телефон, 12 ноутбук пен планшет тәркіленді",- деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Белгілі болғандай, қазір тәркіленген техникадағы мәліметтер зерттеліп жатыр. Сонымен қатар ұйымдастырушылардың аккаунттары анықталып, қаржылық тергеу жүргізілуде.
Бұған дейін Алматыда тау басындағы лашықта қалып кеткен турист аман-есен табылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:51, 28 шілде 2026
Әли Алмас U17 әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
-
22:28, 28 шілде 2026
«Семей орманындағы» өрт толық сөндірілді
-
21:45, 28 шілде 2026
Қазақстанның сегіз өңірінде заңсыз айналымнан 31 қару мен 278 оқ-дәрі тәркіленді
-
21:20, 28 шілде 2026
Инвестициялық алаяқтар жаңа технологияларды пайдалана бастады – Ұлттық банк
-
20:46, 28 шілде 2026
Дияр Аманәлі грек-рим күресінен U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды





