Бүгін еліміздегі барлық мектепте соңғы қоңырау соғылады

08:47, 25 мамыр 2018

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылады, деп хабарлайды Хабар 24.

Ал 147 мың 23 түлек мектеп бітіріп, үлкен өмірге жолдама алмақ. Биыл 6 мың 985 бала «Алтын белгіден» үміткер. Жалпы саны 102 мың 442 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді. Демек, олар жоғары оқу орындарына түсуге ниетті.

Естеріңізге салайық, биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді. Ал Елбасының бес бастамасына сай техникалық мамандықтарға қосымша 20 мың грант бөлінді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!