БҚО полицейлері мыңнан астам вейп тәркіледі

11:50, 13 қыркүйек 2024

© Фото: pexels

Орал қаласының полицейлері 1099 вейп және оған арналған 1300 сұйықтық тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орал қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел-іздестіру тобы "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Telegram мессенджері арқылы вейп және оларға арналған сұйықтықты таратумен айналысқан 25 жастағы Орал қаласының тұрғынын ұстады. Ол вейптерді курьер арқылы жеткізген.

Вейп қоймасы қаладағы алкомаркеттердің бірінде табылған. Тексеру кезінде одан 1099 вейп және 1300 сұйықтық табылып, тәркіленді. Тәркіленгендердің құны 10 млн теңгеден асады. Сонымен қатар полицейлер сатуға тыйым салынған электронды темекіні заңсыз сатумен айналысқан облыс орталығының екі тұрғынын ұстады.

Жеке тінту кезінде 10 электронды темекі және 1 қорап шегілетін сұйықтық табылып, тәркіленді. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Telegram канал арқылы сатуға тыйым салынған электронды темекілерді заңсыз сатумен айналысқан такси жүргізушісін ұстады.

Одан 8 электронды темекі тәркіленді. Жоғарыда аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Шегілмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салу туралы Заң күшіне енген күннен бастап, БҚО полицейлері 1200 вейп пен 1500-ден астам сұйықтық тәркіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!