БҚО-да басқарма басшысына 432 мың теңгеден астам айыппұл салынды

18:02, 10 қазан 2026
MKZ: 1571630

© Фото: freepik

Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданында санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы кәсіпкерлік нысанын тексеру кезінде заң талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Оған 432 500 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аудан прокуратурасының мәліметінше, Кәсіпкерлік кодексінің талаптарының сақталуына жүргізілген мониторинг барысында заң бұзушылық анықталған.

Атап айтқанда, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы "Ел-Дәулет" асханасын тексеру нәтижесінде оның қызметін тоқтату туралы ұйғарым шығарған кезде аудандық прокуратураны хабардар етпеген.

Осыған байланысты прокуратура басқарма басшысын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 666-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартты. Нәтижесінде оған 432 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қазіргі уақытта айыппұл толық өндірілген.

Прокуратура мұндай заң бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық қарастырылғанын ескертті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!