Өскеменде үш ер адам ҚАЖ мекемесіне күмәнді түйіншек лақтырмақ болған
© Сурет: polisia.kz
Өскеменде Ұлттық ұланның сарбазы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға түнгі уақытта болған. 6699 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі, қатардағы Еркін Серіков кезекшілік кезінде мекеме қоршауының сыртында жүрген үш ер адамды байқайды.
Сарбаз дереу дабыл қағып, қарауыл бастығына хабарлаған. Мұны байқаған ер адамдар оралған түйіншекті қоршаудың сыртындағы бақылау-із кесу жолағына тастап, оқиға орнынан қашуға тырысқан.
Алайда ұландықтар мен мекеме қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында күдіктілер ұсталды.
Түйіншекті тексеру барысында жасыл түсті, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат табылған. Тәркіленген зат құзырлы органдарға тапсырылды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін тәулік бойы күзетеді. Олардың қырағылығы тыйым салынған заттарды мекеме аумағына жеткізу әрекеттерінің алдын алуға мүмкіндік береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:20, 10 қазан 2026
Қазақстанда қолайсыз ауа райы күтіледі: қай өңірлерде ескерту жарияланды
-
16:02, 10 қазан 2026
Алматы облысында 10 жылдан бері жол салуға кедергі болған мәселе шешілді
-
15:40, 10 қазан 2026
Қазақстанда германиялық туристер қиындыққа тап болды
-
15:08, 10 қазан 2026
Түркияда балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына бақылау күшейтіледі
-
14:36, 10 қазан 2026
Рыбакина Алматыны сүйікті қалаларының бірі деп атады





