«Қазгидромет» жеті қала тұрғындарына ескерту жасады

09:20, 10 қазан 2026
MKZ: 1571582

© Фото: zakon.kz

Синоптиктер 2026 жылғы 10 қазанда Қазақстанның бірнеше қаласында ауа ластануының жоғары деңгейі күтілетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, 10 қазанда Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Теміртау, Қарағанды қалаларында, сондай-ақ түнде Жезқазғанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, баяу жел, тұман, температуралық инверсия) үйлесуі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!