Алматыда алдағы демалыс күндері бірқатар көше уақытша жабылады

19:20, 9 қазан 2026
MKZ: 1571537

© Фото: zakon.kz

Алматыда 2026 жылғы 10-12 қазан аралығында жолдарды жөндеуге және инженерлік желілерді қайта жаңғыртуға байланысты бірнеше учаскелерде көліктердің қозғалысы уақытша шектеледі. Жүргізушілерден жүріс бағдарын алдын-ала жоспарлап алу сұралады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Брусиловский көшесінің бір бөлігі

Атап айтқанда, 10 қазан сағат 22:00-ден 11 қазан сағат 07:00-ге дейін Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аумақта жол жабынын төсеу жұмыстарына байланысты автокөлік қозғалысы толықтай жабылады.

Жол жабылады, Алматы, Брусиловский, 10 қазан, 11 қазан, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2026 19:20

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі


Алатау даңғылы

10 және 11 қазанда сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Алатау даңғылының жекелеген учаскесінде, Райымбек даңғылының оңтүстігінде көлік қозғалысы кезекпен ұйымдастырылады. Бұл инженерлік желілерді қайта жаңалаумен байланысты.

Жол жабылады, Алматы, Алатау даңғылы, 10 қазан, 11 қазан, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2026 19:20

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

Саин және Шәріпов көшелері

Алматыда Саин көшесін ұзарту жұмыстары аясында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Атап айтқанда, 10 қазан сағат 07:00-ден 12 қазан сағат 23:00-ге дейін Саин көшесінің батыс жағымен Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейінгі аумақта, сондай-ақ Шәріпов көшесінде көлік қозғалысы жабылады. Шектеу асфальт-бетон жабынын төсеу жұмыстарына байланысты енгізіледі.

Жол жабылады, Алматы, Саин, Шәріпов, 10 қазан, 11 қазан, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2026 19:20

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

Шалов көшесінің бір бөлігі

10 қазан сағат 09:00-ден 16 қазан сағат 09:00-ге дейін көшенің шығыс жағында солтүстік бағыттағы автокөлік қозғалысы толықтай жабылады. Пятницкий көшесіндегі қозғалыс толық ашық болады.

Жол жабылады, Алматы, Шалов, 10 қазан, 11 қазан, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2026 19:20

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

Төле би көшесі

Алматыда жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Атап айтқанда, 10 және 11 қазан күндері сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін Саин көшесінен шығыс бағытқа қарай, жанармай құю бекетінің қарсы бетіндегі жол учаскесінде көлік қозғалысы шектеледі. Жұмыс жүргізілетін кезеңде Төле би көшесінің қарсы бағыттағы жол бөлігінде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

Бұған дейін Алматыда Абылай хан даңғылының бір бөлігі екі күнге жабылатыны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!