Түркістанда жол үстінде қауіпті маневр жасаған 18 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды

20:39, 9 қазан 2026
MKZ: 1571547

© Сурет: polisia.kz

Түркістан қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылау барысында полицейлер тас жолда қауіпті маневр жасап, дрифт орындаған 18 жастағы жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшылары Кентау тас жолында Mercedes-Benz автокөлікпен қауіпті әрекеттерге барған жас жүргізушіні тоқтатып, тексеру жүргізді.

Тексеру кезінде көлікке дауыс күшейткіш құрылғысы орнатылғаны да анықталды.

Аталған деректер бойынша жүргізушіге заңнамаға сәйкес екі әкімшілік жаза қолданылды. Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!