Каспийдегі трагедия: опат болған әскери қызметкерлердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетілді
© Сурет: pexels
Маңғыстау облысында қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына қаржылай көмек ақшаны бөлу жұмыстары аяқталды. Бұл мәліметті 2026 жылдың 9 қазанында облыс әкімдігінің баспасөз қызметі нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіповтің айтуынша, еліміздің ірі кәсіпорындары, кәсіпкерлері мен меценаттарынан түскен қаржыны жинақтау үшін арнайы "Ұлттық рух" қоры белгіленді.
Түскен қаражаттың әділ әрі мақсатты бөлінуін қамтамасыз ету үшін арнайы комиссия құрылды.
"Оның құрамына құқық қорғау органдары мен қоғам өкілдері, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері, қоғамдық кеңестер мен мәслихаттардың өкілдері кірді. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша қорға түскен барлық қаражат комиссия қабылдаған шешімдерге сәйкес және заңнамада белгіленген тәртіппен қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына әділ әрі теңдей бөлінді", - деді Бекмұрат Жүсіпов.
Сонымен қатар, орын алған оқиғадан аман қалған әскери қызметшілерге де жеке төлемдер қарастырылды. Оларға көрсетілген материалдық көмектің мөлшері комиссия шешімдеріне сәйкес белгіленді.
Қаражатты есепке алу мен бөлуге қатысты барлық шешім тек комиссия шеңберінде қабылданып, тиісті хаттамалармен рәсімделді және белгіленген құқықтық рәсімдер толық сақталды. Бұл жұмысқа қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары да қатысты.
"Комиссия қаражаттың қор шотына түсуінен бастап, аударуға дейінгі барлық кезеңде қатаң бақылауды қамтамасыз етті. Сонымен бірге, әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының өтінішін ескере отырып, сондай-ақ олардың қауіпсіздігі мен жеке мәліметтерінің құпиялылығын сақтау мақсатында төлемдердің нақты сомасы мен қаражат алушылардың дербес деректері жария етілмейді", - деді ол.
Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімдігі Каспий теңізінде әскери міндетін атқару кезінде қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қосымша материалдық көмек көрсету үшін қаражат жинайтын бірыңғай операторды анықтағаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:46, 9 қазан 2026
Көкшетауда еден жуушы анасымен бірге жұмысқа барған 4 жасар бала мерт болды
-
21:06, 9 қазан 2026
«Тұман түсіп, жел соғады». Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:39, 9 қазан 2026
Түркістанда жол үстінде қауіпті маневр жасаған 18 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды
-
19:57, 9 қазан 2026
Павлодарда пойыз қағып, бір аяғынан айырылған жігіт ауруханада көз жұмды
-
19:44, 9 қазан 2026
Алматыда дәмханада екі әйел төбелесіп, жедел жәрдем мен полиция шақыруға тура келген





