Түркияда балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына бақылау күшейтіледі
© Фото: unsplash
Түркия билігі кәмелетке толмағандардың әлеуметтік желілерді пайдалану ережелерін қатаңдатпақ. Қараша айынан бастап 15 жасқа толмаған балаларға аккаунт ашуға тыйым салынады.
Ал жасөспірімдерге онлайн қарым-қатынас жасау, тікелей эфирге шығу және жекелендірілген контентті пайдалану бойынша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа талаптар 10 қазанда Түркияның Resmî Gazete ресми басылымында жарияланды. Ережелер 2026 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енуі тиіс.
Әлеуметтік желі платформалары тіркелетін пайдаланушылардың жасын e-Devlet мемлекеттік жүйесі арқылы тексеруге міндеттеледі. 15 жасқа толмаған балаларға профиль ашуға тыйым салынады.
Басылымның жазуынша, 15 жастан асқан жасөспірімдер үшін қауіпсіздіктің арнайы режимі енгізіледі. Олардың парақшалары жабық болуы керек, ал хат алмасу тек жазылушыларына қолжетімді болады. Сондай-ақ жасөспірімдерге тікелей эфир жүргізуге, жекелендірілген жарнама мен басқа аккаунттардың ұсыныстарын алуға, телефон кітапшасындағы және бөгде сервистердегі контактілерді автоматты түрде көшіруге рұқсат етілмейді.
Ата-ана бақылауына да ерекше талаптар қойылады. Әлеуметтік желілер ересектерге балалардың аккаунт баптауларын басқаруға, экран алдында өткізетін уақытқа шектеу қоюға және төлемдерді растауға мүмкіндік беруге тиіс.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:54, 10 қазан 2026
Өскеменде үш ер адам ҚАЖ мекемесіне күмәнді түйіншек лақтырмақ болған
-
16:02, 10 қазан 2026
Алматы облысында 10 жылдан бері жол салуға кедергі болған мәселе шешілді
-
15:40, 10 қазан 2026
Қазақстанда германиялық туристер қиындыққа тап болды
-
14:36, 10 қазан 2026
Рыбакина Алматыны сүйікті қалаларының бірі деп атады
-
14:04, 10 қазан 2026
Жетісайдан Шымкентке жол апатынан зардап шеккен ер адам тікұшақпен жеткізілді





