«Тұман түсіп, жел соғады». Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
© Сурет: magnific.com
Синоптиктер 2026 жылы 10 қазанда Астана мен еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 10 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада 10 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Қарағандыда 10 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 10 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 10 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Абай облысының шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 10 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ақтөбе облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға (10-16 қазан) арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:46, 9 қазан 2026
Көкшетауда еден жуушы анасымен бірге жұмысқа барған 4 жасар бала мерт болды
-
20:39, 9 қазан 2026
Түркістанда жол үстінде қауіпті маневр жасаған 18 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды
-
20:31, 9 қазан 2026
Каспийдегі трагедия: опат болған әскери қызметкерлердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетілді
-
19:57, 9 қазан 2026
Павлодарда пойыз қағып, бір аяғынан айырылған жігіт ауруханада көз жұмды
-
19:44, 9 қазан 2026
Алматыда дәмханада екі әйел төбелесіп, жедел жәрдем мен полиция шақыруға тура келген





