182 млн теңгенің алтынын аяқ киімінің ұлтарағына жасырған әйел ұсталды
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қырғызстан азаматы Қытайға заңсыз алып өтпек болған құны 182,3 млн теңге болатын алтын құймаларды аяқ киімінің ұлтарағының астына жасырған. Алайда оның бұл әрекеті шекарадағы бақылау кезінде әшкереленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бас көлік прокуратурасының өтінішхаты бойынша сот жалпы салмағы 2,8 келі болатын алты алтын құймаға сотқа дейінгі тәркілеу шарасын қолданды. Алтынның сынамасы 99 пайыздан асады, ал жалпы құны 182,3 млн теңгеге бағаланған. Құймалар мемлекет кірісіне өткізілді. Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Тергеу материалдарына сәйкес, әйел алтын құймаларды Қырғызстаннан сатып алып, Қытайға заңсыз өткізу мақсатында Қазақстан аумағына "Қордай Авто" өткізу пункті арқылы кіргізген.
"Кедендік және шекаралық бақылаудан жасыру мақсатында ол аяқ киімінің ұлтарағының астына үш алтын құймадан жасырып қойған. "Қорғас" ХШЫО аумағында бақылаудан өту кезінде алтын табылып, тәркіленді" ҚР Бас көлік прокуратурасы
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:28, 10 қазан 2026
Көлікке енгізілген өзгеріс жауапкершілікке әкелді
-
11:02, 10 қазан 2026
Астанада кондиционер орнатып жүрген жұмысшы 15-қабаттан құлап кете жаздады
-
10:01, 10 қазан 2026
Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алды
-
09:42, 10 қазан 2026
Шымкентте құдыққа түскен екі жұмысшы қаза тапты
-
09:20, 10 қазан 2026
«Қазгидромет» жеті қала тұрғындарына ескерту жасады





