Павлодарда пойыз қағып, бір аяғынан айырылған жігіт ауруханада көз жұмды
© Сурет: magnific.com
Павлодарда теміржол вокзалында пойыз қаққан 22 жастағы жігіт көз жұмды. Дәрігерлер бірнеше күн бойы жанталаса күрескенімен, оны аман алып қала алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаралы хабармен Threads-те aza.brazzer атты қолданушы бөлісті.
"30 қыркүйекте Павлодар қаласының теміржол вокзалы аумағында пойыз адамды қағып, аяғын жұлып кетті", деп жазды жазба авторы.
Кейін бұл оқиғаға қатысты Көліктегі полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомство орын алған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", деп хабарлады Көліктегі ПД баспасөз қызметі 2026 жылғы 9 қазанда Zakon.kz тілшісінің сауалына берген жауабында.
"Ирбис ТВ" жергілікті телеканының мәліметінше, 22 жастағы жігіт Г. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасына өте ауыр жағдайда жеткізілген. Дәрігерлер оған бірнеше жарақат пен сол аяғының травматикалық ампутациясы диагнозын қойған.
"Науқасқа шұғыл ота жасалды. Кейіннен тағы ота жасалды, қарқынды терапия және реанимациялық іс-шаралар жүргізілді. Дәрігерлердің салған бар күш-жігеріне қарамастан, алған жарақаттарының ауырлығына байланысты 2026 жылғы 8 қазанда науқастың өлімі тіркелді", деп хабарлады Павлодар облыстық жедел жәрдем көрсету станциясы.
Бұған дейін Жамбыл облысында теміржолда белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған әйелді пойыз қағып кеткені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:43, 14 қараша 2026
Ақтөбе облысында полицейлер Меккеге қажылыққа бара жатқан шетелдік азаматқа көмектесті
-
17:23, 14 қараша 2026
«Қар жауып, көктайғақ болады». Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:43, 14 қараша 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген әлемнің ең ықпалды мұсылмандары рейтингісіне енді
-
16:24, 14 қараша 2026
«Қар аралас жаңбыр жауады». Еліміз бойынша 15 қарашаға арналған ауа райы болжамы
-
15:43, 14 қараша 2026
Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды





