Астанада балалар алаңына жабайы аралар ұя салып, бүлдіршіндерге қауіп төнді

18:38, 20 қыркүйек 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

20 қыркүйекте Астанадағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі балалар алаңынан жабайы аралар салған көлемді ұя табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келіп, ара ұясын алу үшін қажетті шараларды қабылдады.

"Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында енді балалар алаңда қауіпсіз ойнай алады", делінген министрлік хабарламасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!