Ақмола облысында гидротехникалық құрылыстың шамамен 40%-ы апатты жағдайға дайын емес

19:47, 20 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz/Дина Тукпаева

20 қыркүйекте Ақмола облысының прокуроры Руфат Кұттықовтың төрағалығымен алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы кезекті үйлестіру кеңесі өткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыс жұмысына облыс әкімінің орынбасары, құқық қорғау, арнайы және уәкілетті органдардың басшылары қатысты.

Cу бұру арналары, су өткізу құрылыстары, өзен арналарын тазалау, жағалауды нығайту, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу мәселелері талқыланды.

Облыс прокуроры өңірдегі 90 гидротехникалық құрылыстың 34-і немесе 38%-ы қанағаттанарлықсыз және апаттық жағдайда екенін атап өтті.

Сондай-ақ, ол бекітілген кешенді жоспарға сәйкес көктемгі су тасқындарына дайындықтың маңыздылығын қатаң ескертті.

"Жоспарға сәйкес анықталған гидротехникалық құрылыстарды тексеру, жөндеу және тиісті жағдайларда ұстау түріндегі шаралар міндетті түрде мерзімінде және сапалы орындалуы тиіс", - деп қосты Руфат Кұттықов.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, уәкілетті органдарға су тасқындарын қауіпсіз өткізуге бағытталған бірқатар нақты міндеттер қойылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!