Астанада «Сергек» камерасы өртенді

21:41, 20 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

20 қыркүйекте әлеуметтік желіде Астанадағы Тұран және Сығанақ көшелерінің қиылысында орнатылған "Сергек" камерасының күтпеген жерден тұтанып, өртенгенін сипаттайтын видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына елорданың ТЖД бөлімшесі аттанды.


"Төтеншеліктер оқиға орнына келіп жеткенде электр сымдарының қысқа тұйықталуы, салдарынан өртену фактісін анықтады. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде жойылды", - деді Zakon.kz редакциясына департаменттің баспасөз қызметі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!