Ақтөбеде көпбалалы кейуана өзінен теріс айналған сегіз баласын сотқа берді

22:04, 20 қыркүйек 2024

© Сурет: pixabay

Ақтөбеде кенже қызының қолында тұратын 92 жастағы кейуана алимент өндіру үшін қалған сегіз баласын сотқа берді. Бес-алты жылдап анасын көрмеген, хәлін сұрамаған балалардың сотта келтірген дәйегін судья қабылдамай тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта талап қоюшы өзінің батыр ана әрі 92 жаста екенін, кәрілігіне байланысты көптеген созылмалы аурулардан зардап шегетінін, қазір кенже қызымен тұрып жатқанын, бірақ оның тапқаны еміне жетпейтінін мәлімдеді. Сондықтан ол бес-алты жыл бойында көрмеген өзге сегіз баласынан алимент өндіргісі келетінін жеткізді.

Сондай-ақ сотта кіші қызы анасына қамқор екенін дәлелдейтін бейнежазба ұсынды. Ал қалғандары кенже қыз үйіне, анасына өздерін жолатпайтынын айтып ақталды. Алайда оны сот ескермеді, себебі өз дәлелін тапқан жоқ. Сот мұны міндеттерінен жалтарудың бір әдісі ретінде қарастырды. ​​Істі қарау барысында жауапкерлер сотқа аналарына тең дәреже көмек беретіндері туралы шынайы және жеткілікті дәлелдемелер ұсынбады.​​

Алимент төлеуден талап қоюшының төрт баласы босатылды, себебі олар - зейнет жасында.

"Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылып, 4 жауапкерден анасының пайдасына оны асырау мақсатында әрқайсысынан 7 АЕК-тен алимент өндірілді", делінген Ақтөбе қалалық соты хабарламасында.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!