«Найзағай ойнап, қатты жел тұрады». Бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
© Фото: zakon.kz
Қазақстанның бірқатар өңірінде 2026 жылғы 24 қыркүйекте дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Облыстың шығысында, солтүстігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 24 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Қалада төтенше өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Жетісу облысының шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Алматы облысының тау бөктері мен таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары, қалған аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы мен Қонаев қалаларында 24 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі. Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады.
Астанада 24 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 24 қыркүйекте жоғары өрт қаупі күтіледі.
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Абай облысының оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары, облыстың орталығында, батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 24 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі.
Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 24 қыркүйекте төтенше өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 24 қыркүйекте жоғары өрт қаупі күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 24 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі. Түркістанда 24 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрді қамтиды.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 24 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі.
Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 24 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың шығысында жоғары, қалған аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 24 қыркүйекте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 24 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қалада төтенше өрт қаупі күтіледі.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түсіп, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжаналы. Облыстың шығысында, орталығында жоғары, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 24 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге (24-26 қыркүйек) арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:24, 23 қыркүйек 2026
Айтыскер ақын Мақсат Ақанов жарты жылға дейін өнер сахнасынан шеттетілді
-
21:50, 23 қыркүйек 2026
Алматыда айып тұрағынан көлігін алып қашқан жүргізуші ұсталды
-
21:39, 23 қыркүйек 2026
Қазақстан шахматшылары алты дүркін Олимпиада чемпиондарымен тең түсті
-
20:34, 23 қыркүйек 2026
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметінен өз еркімен кетті
-
19:58, 23 қыркүйек 2026
«Тозақтың» ортасында өсіп жатқан қос сәби: Таразда жауапсыз ана жазаланды





