Атырау облысында өтемақы төлеу жұмыстары аяқталуға жақын

13:33, 28 маусым 2024

© Сурет: Zakon.kz

Құлсарыда мүлік шығындарын өтеу және бағалау жөніндегі комиссияға 2600-ден астам өтініш түскен. Қазір комиссия мемлекеттен бөлінген қаражатты шығын көлеміне қарай тұрғындарға үлестіруде.

1454 үй апатты деп танылған, ал 1138 азамат баспанасын қалпына келітру үшін өтемақыларын алып, құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Аудандық комиссияның қарауында әлі 60-тай өтініш бар.

"Сәуірдің 5 күні су кіріп, суға кеткен жағдайымыз бар. Содан су 10 күндей тұрды. Айналамызды жинақтап жатырмыз. Мемлекеттен көмек бар. Берді. Ризамыз деп айта аламын. Құрылыс бұйырса 1-2 айда бітеді." Жайлаубай Бірқұлақов, құлсары қаласының тұрғыны

100 үйдің құрылысы қарқынды, деп жазады qazaqstan.tv.

Мемлекет қолдауымен зардап шеккен тұрғындар үшін салынып жатқан бұл үйлердің әрқайсысы 3 бөлмеден. Жалпы көлемі – 100 шаршы метр. Атқарушы биліктің шешімімен биыл күзге дейін Құлсары қаласынан 100 жеке тұрғын үй салу жоспарланған болатын. Қазір 80 үйдің құрылысы қатарынан жүріп жатыр. Үйді 6 мердігер салып жатыр. Құрылыс материалдары мен қаражаттан кідіріс жоқ.

"Бұл алты компанияда 100-ге жуық жұмысшылар тартылды. 30-ға жуық техника бар. Негізі жұмыстар өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде. Жалпы құрылыстың аяқталу мерзімі қыркүйек айына жоспарланып отыр." Дархан Тілепберген, облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!