Астанадағы көлік кептелісі қалай шешілмек: қала әкімі жоспарын жариялады
© Фото: pixabay
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек 2025 жылғы 22 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елордадағы көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкімнің айтуынша, қаладағы жолдар өте тығыз.
"Қалада 437 мың автокөлік тіркелген. Сонымен қатар, күн сайын 90 мың транзиттік көлік кіріп-шығады. Біз кептеліс әсіресе Есіл, Нұра аудандарында, көпірлер маңында, Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр, Тұран даңғылдары, Сарайшык, Кунаева, Достық көшелерінде байқалатынын көріп отырмыз", – деді Жеңіс Қасымбек.
Қалалық көлік жүйесіндегі мәселе ұзақ мерзімді перспективада, 2035 жылға дейінгі көлік жүйесін дамытудың кешенді бағдарламасы аясында, жол инфрақұрылымын жақсарту жол картасы арқылы шешілетінін айтты.
"Қысқа мерзімді бірнеше шара қабылданды және белгілі нәтижесін берді. Атап айтқанда, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың жұмыс кестесі өзгертілді – Есіл және Нұра аудандарында жұмыс істейтін 39 мың қызметкердің кестесі реттелді. Бұл шара қазан айынан бастап толық енгізілген, сондықтан таңғы және күндізгі сағаттардағы жағдай жақсарды. Пик сағаттарда қозғалыс жылдамдығы 10-15% (+6 км/сағ) артты, бұл жолдардың өткізу қабілетінің жақсарғанын көрсетеді. Негізгі магистральдардағы жүктеме 5-10% төмендеді", – деп атап көрсетті әкім.
Бұл шаралар қаладағы кептелісті азайтып, жол қозғалысын тиімді басқаруға мүмкіндік беріп отыр.
Әкімнің айтуынша, қыркүйек айының басында таңғы сағаттағы кептеліс кезінде Маңғылік Ел даңғылынан сағатына 4 152 автокөлік өткен. Жұмыс кестесін өзгерткеннен кейін өткізу қабілеті сағатына 4 420 бірлікке дейін өскен (+268 бірлік), орташа қозғалыс жылдамдығы 18 км/сағтан 20 км/сағқа артқан. Тұран даңғылында қысқа мерзімді шаралардың арқасында таңғы сағаттағы көлік саны 4 190 бірліктен 5 364 бірлікке дейін өскен (+1 174 көлік).
"Орташа жылдамдық 17 км/сағтан 20 км/сағқа көтерілді. Сарайшық, Қонаев, Достық және Сығанақ көшелерінде де осындай жағдай байқалады. Дегенмен кешкі уақытта негізгі шығулар мен көпірлерде жүктеме сақталады. Кешкі сағаттағы қозғалыс жылдамдығы өзгермей, интенсивтілік тек 4% (+63 бірлік/сағ) артты", – деп мойындады Жеңіс Қасымбек.
Сонымен қатар, қала әкімдігінің жоспарына сәйкес, қоғамдық көлікті пайдаланатындардың үлесін қазіргі 43%-дан 65%-ға дейін арттыру көзделген.
"Биыл күн сайынғы жолаушы ағыны 1,1 миллион адамға жетті. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 37% артық. Тұрғындардың 96%-ы аялдамаға жаяу қолжетімділікке ие. Биыл 422 автобус сатып алынды, автопарк 1 749 бірлікке жетті. Соңғы екі жылда қозғалыстағы автобустардың 48%-ы жаңартылды. 2026 жылы коммуналдық және жеке автопарктерге тағы 485 автобус келетін болады, оның 10%-ы электр автобусы. Осылайша, жалпы қозғалыстағы автобустар саны 2 100 бірлікке жетеді", – деп қорытындылады қала әкімі.
Бұған дейін Жеңіс Қасымбек Астанадағы ақылы тұрақтар туралы жақсы жаңалықтармен бөліскен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:58, 22 желтоқсан 2025
Өскеменде зергерлік дүкенге бас сұққан екеу алтын жүзікті бижутерияға алмастырып кеткен
-
18:28, 22 желтоқсан 2025
Zakon.kz «Қазақстандағы №1 жыл таңдауы» сыйлығының жеңімпазы атанды
-
17:58, 22 желтоқсан 2025
Ақмола облысында полицейлер көлігі бұзылып, жолда қалған шетел азаматтарына көмек көрсетті
-
17:47, 22 желтоқсан 2025
Тіс емханасындағы бала өлімі: қаралы әке сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеді
-
17:39, 22 желтоқсан 2025
Қазақстанның басым бөлігінде 23 желтоқсанда қарлы боран болатыны болжанады





