Өскеменде зергерлік дүкенге бас сұққан екеу алтын жүзікті бижутерияға алмастырып кеткен
© Сурет: pexels
Өскемен қаласындағы сауда орталықтарының бірінде орналасқан зергерлік дүкенде қымбат бағалы алтын жүзік ұрланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жасы шамамен 40–50 аралығындағы еуропалық сырт келбеттегі белгісіз ер адам мен әйел өздерін неке жүзігін сатып алушылар ретінде таныстырып, сатушының сеніміне кірген. Әйел адам әшекейді тағып көріп жатқан сәтте ер адам дүкеннен шығып кеткен, ал көп ұзамай әйел де белгісіз бағытқа бет алған. Араға аз уақыт салып, дүкен қызметкерлері құны 200 мың теңгеден асатын алтын жүзіктің сырттай түпнұсқаға ұқсас бижутерияға алмастырылғанын анықтаған.
"Бұл дерек бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеру барысында расталды — бейнежазбада әшекей бұйымның ауыстырылған сәті анық көрінеді. Аталған факті бойынша Өскемен қалалық полиция басқармасының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде", делінген полиция хабарламасында.
Бұған дейін Алматыда ер адам тамақтану орнынан касса жәшігін ұрлап кеткенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:32, 22 желтоқсан 2025
2026 жылы Астанада қай ескі тұрғын үйлер сүрілуге жатқызылады - әкім жауабы
-
20:18, 22 желтоқсан 2025
Астанада жол апатына ұшыраған автобус: екі аяғынан айырылған қыздың қазіргі жағдайы қандай
-
19:56, 22 желтоқсан 2025
Астана әкімі елордада екінші әуежай салынуы мүмкін деген сыбысқа қатысты пікір білдірді
-
19:44, 22 желтоқсан 2025
Астана әкімі құрылыс компанияларына қатысты жазаны қатаңдату керектігін айтты
-
19:37, 22 желтоқсан 2025
Алматыда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшеді





