2026 жылдан бастап қант диабетін емдеу МӘМС жүйесіне енгізіледі: нені білу керек
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылдан бастап Қазақстанда қант диабетімен ауыратын науқастарды емдеу және диспансерлік бақылау міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағандай, қант диабеті – әлемде ең кең таралған жұқпалы емес аурулардың бірі.
Қазақстанда бұл диагнозбен шамамен 500 мың адам өмір сүреді. Аталған дерт бір реттік емді емес, тұрақты бақылауды талап етеді. Оған талдаулар тапсыру, дәрігер кеңестері және емді түзету кіреді.
Осылайша, 2026 жылдан бастап қант диабеті бар науқастарды емдеу және диспансерлік бақылау МӘМС жүйесі аясында көрсетіледі.
"Яғни барлық жоспарлы қабылдаулар, қажетті тексерулер мен дәрі-дәрмектер қосымша төлемсіз қолжетімді болады. Басты шарт – МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы", – делінген Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Сондай-ақ мәртебе алу үшін соңғы 12 ай қатарынан жарналардың төленуі қажет екені айтылды.
Өзін-өзі төлеушілер ай сайын 4 250 теңге, яғни жылына 51 000 теңге төлейді.
МӘМС жүйесіндегі мәртебені келесі жолдар арқылы тексеруге болады:
- Telegram желісіндегі SaqtandyryBot;
- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының msqory.kz сайты;
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы;
- eGov.kz сайты немесе eGov mobile мобильді қосымшасы;
- сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің кейбір мобильді қосымшалары арқылы.
Айта кетейік, 2025 жылғы 11 желтоқсанда біз елдегі жүкті әйелдер үшін МӘМС жүйесінің қалай жұмыс істейтіні туралы жазған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:13, 22 желтоқсан 2025
Алматының түрлі ауданында 13 жаңа жылдық локация пайда болды
-
16:06, 22 желтоқсан 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте Эрмитажды аралады
-
15:52, 22 желтоқсан 2025
Сеул, Токио және Париж үлгісімен: Астанада екі деңгейлі жол салу жоспарлануда
-
15:43, 22 желтоқсан 2025
22 желтоқсандағы саудада доллар арзандады
-
15:38, 22 желтоқсан 2025
Астанада LRT іске қосылуы жоспарланған мерзімнен ертерек болуы мүмкін





