Тіс емханасындағы бала өлімі: қаралы әке сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеді
© Сурет: Zakon.kz
Марқұм қыздың әкесі Талғат Құмаров 2025 жылғы 22 желтоқсанда анестезиологқа қатысты сот үкімі жарияланғаннан кейін стоматологиялық клиникаға қатысты іс бойынша тексеру ары қарай жалғасатынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Талғат Құмаров ата-ана ретінде бүгін шыққан сот үкімімен толықтай келіспейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ ол аталған іс бойынша тексеру әлі жалғасатынын атай келе, оның барысы туралы БАҚ өкілдерін құлақтандырып отыруға уәде берді.
"Бізді барлық процеспен таныстырған тіс дәрігері, яғни емделетін тіс көлемін айқындаған басты маман жауапқа тартылмады. Тек бір анестезиологқа айып тағылып, оған қатысты шешім қабылданды. Біздің ойымызша, қан анализі мен біз бұрын ұсынған жүрек секілді бірқатар зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, олар өздері үшін тәуекелдерді, емдеу көлемін және т.б. нақты бағалай алатын еді. Бірақ іс жүзінде олар менің баламды жай ғана "қарады", өйткені олар немқұрайлылық танытты. Яғни, олар бір-бірімен кеңескен жоқ, менеджермен, анестезиологпен және стоматологпен бірлесіп қандай да бір алқалы бас қосуда шешім қабылдаған жоқ", деп сөзін толықтырады Талғат Құмаров.
Сондай-ақ марқұм қыздың әкесі өзінің мақсаты белгілі бір жұмысқа немесе қызметке кіріскен әрбір адамды нақты жауапкершілікке тарту екенін атап өтті. Талғат Құмаров стоматолог, сондай-ақ клиника басшылығы да жауапкершілікті өз мойнына алуы керек және олар да сотталушылар орындығында отыруы тиіс деп санайды.
"Клиникаға қатысты шығарылған жеке қаулыны көрдіңіздер, бірақ тіс дәрігеріне қатысты іс 100% тоқтатылған жоқ. Ол - қорғауға құқығы бар куәгер мәртебесінде. Ал бұл қазірдің өзінде оның қандай да бір жауапкершіліктен босатылмайтынын білдіреді", - деді қыздың әкесі.
Айта кетсек, 2025 жылдың 27 қарашасында сот куәгерлерден жауап алуға кірісті. Алдымен тіс дәрігерінің көмекшісі болып жұмыс істеген Клак (Бушина) Юлиядан сұрақ-жауап алынды. Ол клиникада бір жылдан астам жұмыс істеді: 2023 жылдан бастап 2025 жылдың сәуірінде жұмыстан шығарылғанға дейін. Бұл - оның алғашқы жұмыс тәжірибесі. Екінші болып Елена Құсайыновадан жауап алынды. 2005 жылдан бастап Құсайынова ол арада әкімші болып жұмыс істеді, содан кейін әкімшілік процестерге жетекшілік ете отырып, стоматологияны басқарған. Оның міндеттеріне мыналар кіреді: персоналды басқару, қызметкерлерді іріктеу және клиниканың қызметіне байланысты ұйымдастырушылық мәселелерді шешу.
Бұған дейін клиниканың анестезиологы Аида Жұмағалиева жедел жәрдем қызметіне неге бірден хабарласпағандарын түсіндірді.
Ал бүгін, 22 желтоқсанда анестезиологқа қатысты сот үкімі шықты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:56, 22 желтоқсан 2025
Астана әкімі елордада екінші әуежай салынуы мүмкін деген сыбысқа қатысты пікір білдірді
-
19:44, 22 желтоқсан 2025
Астана әкімі құрылыс компанияларына қатысты жазаны қатаңдату керектігін айтты
-
19:37, 22 желтоқсан 2025
Алматыда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшеді
-
19:11, 22 желтоқсан 2025
Тоқаев Путинмен кездесті: Қазақстан мен Ресей көшбасшылары не туралы сөйлесті
-
19:11, 22 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының президентімен кездесті





