Астанадағы кептеліс мәселесін қалай шешетіні туралы Жеңіс Қасымбек айтты
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек 2025 жылғы 12 желтоқсанда қала мәслихатының отырысында мегаполистегі жол кептелістерінің жиілеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Әкімнің айтуынша, жолдарда кептелістің пайда болуына бірнеше фактор әсер етіп отыр.
"Бүгінде қаланың түрлі мәселелері бар, оның ішінде соңғы күндері қардың көп түсуі жағдайды қиындатты. Бұдан бөлек, кептелістерге әсер еткен қосымша жайттар болды. Алдыңғы екі күнде жолдарда баллдық деңгейі жоғары кептелістер тіркелді – спорттық және басқа да шаралар өтті. Бұл бізге жаңа міндеттер жүктеп отыр", – деді Қасымбек.
Ол жол қозғалысы мәселесін негізгі проблема деп атады.
"Қазір бірінші кезекте тұрған мәселе – жол трафигі. Біз ЛРТ-ны алдағы бірнеше айда іске қосуды жоспарлап отырмыз. Көптеген жаңа жолдар салынды. Келесі жылы Тәуелсіздік даңғылын айтарлықтай кеңейтеміз, бұл жол жүктемесін азайтады. Кептелістер негізінен Есіл және Нұра аудандарында, көпір бағыттарында байқалады. Екі жаңа көпірдің жобасы әзірленіп жатыр. Қала әкімі аппаратының жұмысын 07:30-ға, мемлекеттік органдардың жұмысын 08:00-ге ауыстырдық, бұл өз нәтижесін берді. Таңғы 8–10 аралығында көше қозғалысы жеңілдеді, бірақ енді 06:30–07:00 уақытында қозғалыс көбейіп жатыр. Дегенмен қала тұрғындарының қозғалыс жылдамдығы 15%-ға артты. Кептеліс мәселесін шешуге қатысты нақты жоспарлар бар", – деп толықтырды әкім.
Бұған дейін Жеңіс Қасымбек депутат Талғат Ерғалиевтің Астананы Каракаспен қылмыс деңгейі бойынша салыстыруына қатысты пікір білдірген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:27, 14 наурыз 2026
Атырау облысында былтыр 55 әлеуметтік нысан салынды
-
17:30, 14 наурыз 2026
Құрманғазы ауданында төрт мәдениет үйінің құрылысы аяқталды
-
16:26, 14 наурыз 2026
Атырауда 9 теміржол вокзалы жаңартылып жатыр
-
16:06, 14 наурыз 2026
Lets School мектебінің құрылтайшылары сотталды
-
15:52, 14 наурыз 2026
15 наурызда Қазақстанның екі өңірінде қар жауады





