Алматыда полицейлер көлікпен электросамокат мінген жасөспірімдердің ізіне түсті

15:54, 22 қараша 2026
MKZ: 1579095

© Сурет: Zakon.kz

Тұрғындардың шағымынан кейін полицейлер Атакент аумағында электрсамокат пен басқа да электр көліктеріне мінген жасөспірімдерге қатысты рейд өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала полиция департаментінің мәліметінше, кейбір самокат тебушілер сағатына 80 шақырымнан асатын жылдамдықпен жүйіткіген.

Рейд кезінде полицейлердің тоқтау туралы талабына бағынбай, жүрісін жалғастырғандар да болған. Тексеру барысында 12 жастағы жасөспірім анықталды. Онымен заңды өкілінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ал ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция ата-аналарға балалардың бос уақытын бақылап, мұндай қауіпті әрекеттерге жол бермеуді ескертеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!