Еліміздің екі өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты төрт жол учаскесі жабылды
© Сурет: pixabay
2026 жылғы 22 қараша Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты төрт жол учаскесінде автокөліктердің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылы 22 қарашада сағат 12:00-де ауа райының келесі республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді:
- "Қостанай — Мамлютка" тас жолының 226-406 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы — Мамлютка қаласы);
- "Петропавл — Соколовка — РФ шекарасы" тас жолының 11-73 шақырым аралығы (Петропавл қаласы — РФ шекарасы);-
- "Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы" тас жолының 491–521 шақырым аралығы (Петропавл қаласы — Мамлютка қаласы).
Сондай-ақ 2026 жылғы 22 қараша сағат 12:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Қостанай — Мамлютка" тас жолының 163-226 шақырым аралығында (Ұзынкөл ауылы — СҚО шекарасы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілгені нақтыланады.
Бұған дейін 22 қарашада синоптиктер еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауатынын, көктайғақ болатынын ескерткен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:06, 22 қараша 2026
«Реал» Ла Лига аясында қатарынан тоғыз матчта жеңіске жетті
-
11:38, 22 қараша 2026
Астана мен Алматының ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 22 қараша
-
11:25, 22 қараша 2026
Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды
-
11:13, 22 қараша 2026
WTA 125 турнирі: Құламбаева екі аптада екі рет чемпион атанды
-
10:57, 22 қараша 2026
Балқаш көліне балық алауға кетіп, оралмаған ер адам аман-есен табылды





