Астанада ЖРВИ-мен ауырған балалардың 97%-ы екпе алмаған

12:56, 20 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz

Астанада жедел респираторлық вирустық инфекциямен ауырған балалардың 97%-ы екпе алмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева айтты.

Қазір Елорданың Балалар жұқпалы ауруханасында 300-ге жуық бала ем алуда, оның 100-ден астамы жедел респираторлық вирустық инфекциядан емделіп жатыр.

Науқас балалар арасында өкпенің қабынуы көп кездеседі, асқынған түрі тіркелмеген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!