Астанада жарты жыл ішінде 15 бала терезеден құлаған

18:50, 28 маусым 2024

© Сурет: pixabay

Астанада жыл басынан бері балалардың терезеден құлауы бойынша 15 факт тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлап кетуіне жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіп, қала тұрғындарына қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді. Тек биылғы жылдың бір өзінде елордада балалардың терезеден құлауының 15 фактісі тіркелді.

Ата-аналарды негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмау ескертіледі:

  • балаңыз үйде болса, терезені ашық ұстамаңыз;
  • москит торларына ешқашан сенбеңіз, балалар оларға сүйенемін деп құлап кетеді;
  • балаңыз өздігінен аша алмайтындай етіп терезелерге арнайы қорғаныс жүйелерін орнатыңыз (бекіткіштер, блокаторлар);
  • барлық жиһаздарды, соның ішінде төсектерді терезелерден алыстатыңыз, бұл баланың терезеге шығуына жол бермейді. Балаларыңыздың өмірі мен денсаулығы – баға жетпес құнды екенін ұмытпаңыз!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!