Астанада насыбай мен вейп үшін кімдер жазаланды

18:23, 18 сәуір 2024

© Сурет: gov.kz

Астана қаласы әкімдігі вейп пен насвайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша жүргізілген рейдтер қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, рейд басталғаннан бері елорданың бес ауданында 900-ден астам сауда нүктелері тексерілді. Полиция департаментінің қызметкерлері аудан әкімдіктерімен бірлесіп шекпейтін темекі өнімдерін, оның ішінде насыбай өндірісі бойынша жерасты цехтарының 160-тан астам фактісін анықтады.

"Мәселен, Байқоңыр ауданы бойынша С.Сейфуллин, Ж. Омаров, А. Иманов, Кенесары, А. Янушкеевич, Ш. Уәлиханов, А. Сембинов, А. Жангелдин, Отырар, М. Лермантов көшелеріндегі және Алаш тас жолындағы 219 кәсіпкерлік нысанының насыбай мен снюсті заңсыз сату мәселесі тексерілді. Рейдтер нәтижесінде 7 сату нүктесіне 25 АЕК (92 300 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды".Алматы қаласы әкімдігі

Есіл ауданында шекпейтін темекі өнімдерін сатудың 23 фактісі анықталды, оның ішінде насвай саудасы үшін 19 факт және кәмелетке толмаған тұлғаларға вейптерді сатудың 6 фактісі тіркеліп, 25 АЕК айыппұл салынды.

Сарыарқа ауданында 300-ден астам жеке кәсіпкерлік нысанына рейд жүргізілді. 60-тан астам бұзушылық анықталып, жалпы айыппұл сомасы 4 миллион теңгеден асатын 30 келіге жуық насвай тәркіленді.

Нұра ауданындағы Асфендияров көшесі, Әнет баба көшесі, Сығанақ көшесі, Р.Бағланова көшесі, Ұлы дала көшесі, Қайым Мұхамедаханов көшесі, Отырар көшесі, Е-15 көшесі және Үркер КЖК Исатай батыр көшесінде орналасқан 167 дүкенде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Рейдтердің қорытындысы бойынша алты дүкенге айыппұл салынды.

Сондай ақ рейдтер нәтижесінде Алматы ауданында 57 бұзушылық анықталды:

  • насыбайды сатудың 42 фактісі тіркеліп, 25 АЕК бойынша айыппұл салынды.
  • мекемелерде темекі өнімдерін (кальян) тұтынудың 21 фактісі тіркеліп, 15 АЕК айыппұл салынды.
  • 21 жасқа толмаған жастарға темекі өнімдерін сатудың бір фактісі анықталып,15 АЕК айыппұл салынды.
  • тәркіленген шекпейтін бұйымдар жойылды.

Шағын және орта бизнес арасында бұзушылармен шекпейтін темекі өнімдерін сатуға жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелер өткізілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!