Астанада Мәңгілік ел даңғылы екі күнге ішінара жабылады

18:06, 28 маусым 2024

© Сурет: pixabay

Астанада 28-30 маусым аралығында Мәңгілік Ел даңғылы бойынша Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі жол учаскесі жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордадағы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, бұл шектеу аталған жол учаскесінде жол төсеміне жөндеу жұмыстарына байланысты енгізілген. .

Мекеме қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелісті болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Бұған дейін Алматыда жаздың соңына дейін Сүйінбай даңғылындағы көлік қозғалысына шектеу қойылатыны хабарланған. Аталған көшеде қозғалыс шығыс жаққа қарай жабылады. Батыс жағында автокөлік үшін екіжақты қозғалыс ұйымдастырылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!