«Астана ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде отандық кәсіпкерлер қызмет көрсетпек

21:45, 20 қаңтар 2017

Бүгін елордада «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері өзара серіктестік жөніндегі келісімге қол қойды.

Мақсат – қазақстандық кәсіпкерлерді халықаралық көрмеге дайындық және оны өткізу жұмыстарына жұмылдыру.  

Көрме кезінде қызметтердің басым бөлігін отандық бизнесмендер атқаруы тиіс.  Сондықтан қазір екі тарап осы бағытта жұмыс жасауға мықтап бел буды. Ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімовтың дерегі бойынша, жоба қолға алынғалы қосымша 50 мың жұмыс орны ашылған.

Құрылыс жұмыстарына 400-ге жуық отандық тауар өндірушінің материалдары пайдаланылды. 52,5 млрд теңгеге келісім жасалған. 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы ЭКСПО көрмесі қазақстандық бизнесмендерге жаңа мүмкіндіктер беретінін тілге тиек етті. 

Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы

-Жалпы көрме ғимаратының құрылысына негізінен отандық кәсіпорындардың материалдары пайдаланылды, олардың бағасы шетелдікінен әлдеқайда арзанырақ. Құрылыс шығынын қысқартудың нәтижесінде 302 млрд теңге қаражат үнемделді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!